Өскемен қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/2-VI шешімі
Осы редакция 2019 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5704 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаланың 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2019 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 58 142 938 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 21 475 141 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 787 231 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 089 320 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 30 791 246 мың теңге;
2) шығындар - 58 886 040 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -300 000 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 300 000 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы - -443 102 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 443 102 мың теңге.
2. Өскемен қаласының 2019 жылға арналған бюджетінде облыстық бюджеттен, Өскемен қаласының бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар - 0. Өскемен қаласының бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік қайтарып алулардың көлемі - 0 екендігі ескерілсін.
3. 2019 жылға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының резерві 62 730 мың теңге сомасында бекітілсін.